«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің актері қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінен кадр

Британдық актер Тим Карри 80 жасында Лос-Анджелесте қайтыс болды. Актердің менеджері Карридің өз үйінде көз жұмғанын хабарлады, өлім себебі белгісіз деп жазады ВВС.

Актер 1946 жылы Англияның Чешир графтығында дүниеге келген. Өнер жолын Лондондағы Вест-Энд театрларынан бастаған. 1975 жылы «Рокки Хоррордың қорқынышты шоуы» фильмі шыққаннан кейін танымал болды.

Карри көбіне басты кейіпкерлерді емес, екінші пландағы рөлдерді сомдағанымен, оның кейіпкерлері көрерменнің есінде ерекше қалды. «Үйде жалғыз – 2» фильмінде Plaza қонақүйінің консьержі Хектор мырзаның рөлі де оның жұлдызын жақты. Ал 1993 жылы түсірілген «Үш ноян» картинасында кардинал Ришельенің рөлін ойнаған еді.

Дегенмен Тим Карри көрерменге Стивен Кингтің «Оно» романы желісімен түсірілген фильмдегі қорқынышты сайқымазақ Пеннивайз рөлі арқылы кеңінен танылды. Осы рөл актердің шығармашылық жолындағы басты жұмыстардың біріне айналды.

Актердің қоржынында «Тони» сыйлығына үш номинация және «Грэммиге» бір номинация бар. 1991 жылы «Питер Пэн және қарақшылар» анимациялық сериалындағы рөлі үшін күндізгі «Эмми» сыйлығын алды.

2012 жылы Тим Карри ауыр инсульт алып, содан кейін жартылай сал болып, мүгедектер арбасымен жүрді. Соған қарамастан шығармашылық жұмысын жалғастырып, мультфильмдерді дыбыстауға да қатысқан.

Оқи отырыңыз: Ата-анасы танымал: қазақ шоу-бизнесіндегі непо-бейбилер кімдер

Сондай-ақ оқыңыз