Еркебұлан Тоқтар мен Бобиржон Исроилов салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Жарияланды

Қазақстандық танымал актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар мен өзбекстандық спортшы Бобиржон Исроилов ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, кездесу алдындағы алғашқы сынақты артта қалдырды.
Қос жауынгер ертең 28 тамыз күні кәсіпқой бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығып, өзара мықтыны анықтайды.
28 тамыз күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокс кешінде Еркебұлан Тоқтардан бөлек, кәсіби былғары қолғап шеберлері, әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов та өнер көрсетеді.