«Самұрық-Қазына» қорының таза пайдасы 1,2 трлн теңгені құрады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
«Самұрық-Қазынаның» таза пайдасы 1,2 трлн теңге болды
«Самұрық-Қазынаның» таза пайдасы 1,2 трлн теңге болды / фото: Серикжан Ковланбаев

2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының таза пайдасы 1,2 трлн теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіштен 4%-ға артқан.

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов өткізген «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Кеңесте Қор қызметінің негізгі нәтижелері қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2026 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қордың кірісі 12,5 трлн теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіштен 5%-ға асқанын баяндады.

Сондай-ақ EBITDA – 3,4 трлн теңге болды, бұл жоспардан 7%-ға жоғары, таза пайда 1,2 трлн теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіштен 4%-ға артқан.

«Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін топ компаниялар жыл басынан бері отандық компаниялармен 694 млрд теңгеге келісімшарттар жасасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға көп.

Отандық өндірушілерді қолдау үшін 16-дан астам шара қарастырылған. Оның ішінде қазақстандық тауарларға басымдық беру, ұзақмерзімді шарттар жасасу, 30% мөлшерінде міндетті аванс беру және жедел төлем жүргізу тетіктері бар.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 52,8 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттар жасалды. Ғылым мен инновацияларды дамытуға 13,9 млрд теңге жұмсалды. Оның ішіне 55 жоба кірді, бүгінде 7 жоба аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз