Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 16 есе өсті

Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны көбейіп жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда 16 есе өскен деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Ауырғандардың басым көпшілігі – екпе алмаған балалар. Дәрігерлер екпе алмағандықтан жұқпалы ауру жылдам тарап жатқанын айтады.
«Жеті айда өңірде қызылшамен ауырған 298 адам тіркелді. 2025 жылы тек 18 ғана болатын. Яғни осы жылы ауырғандар саны 280 адамға көбейді», – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Гүлдана Кереева.
Ауру ең көп тіркелген өңір – Орал қаласы, 252 жағдай. Ауырғандардың басым көпшілігі профилактикалық екпе алмаған адамдар.
Қызылша ауа-тамшы жолы арқылы таралады. Ауырғаннан кейін кей жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ең жиі кездесетіні – отит пен пневмония.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарды балаларын қызылшаға қарсы екпені уақытылы алуға шақырады.
Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ата-аналарды екпеден қорықпауға шақырған еді.