US Open-2026: Қазақстанның төрт теннисшісінің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина US Open
Елена Рыбакина / фото: instagram

Нью-Йоркте өтетін «Үлкен дулыға» сериясындағы US Open-2026 турнирінің әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сыны бойынша жеребе тарту рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның төрт өкілі алғашқы айналымдағы қарсыластарын анықтады.

Әйелдер арасындағы әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина жарыстың екінші айналымына шығу үшін WTA рейтингінде 580-орында тұрған АҚШ өкілі Теа Фродинмен шеберлік байқасады.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бастапқы кездесуін турнирдің 12-ракеткасы болып тіркелген швейцариялық олимпиада чемпионы Белинда Бенчичке қарсы өткізеді.

Ерлер арасындағы сында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик жарыс иесі – америкалық теннисші Джей Джей Вольфпен (ATP №248) кездеседі. Ал ұлттық құраманың екінші нөмірлі спортшысы Александр Шевченко бірінші айналымда хорватиялық Дино Прижмичпен (ATP №101) күш сынасады.

АҚШ-тың ашық чемпионаты 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы турнирдің чемпионы беларусьтік Арина Соболенко, ал ерлер арасында бас жүлдені испаниялық Карлос Алькарас қорғайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл турнирде Елена Рыбакинаның қандай жағдайда әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін екенін саралап жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз