Түркістан облысында таулы аймақта қалған 4 азамат құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Горы. фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Түркістан облысының Төлеби ауданында таулы аймақта төрт азамат құтқарылды.

112kz ақпаратына қарағанда, оқиға Мәдени ауылы маңындағы Ақсу каньоны аумағында болған. Азаматтар автокөлігінің техникалық ақауына байланысты таулы жерден өздігінен төмен түсе алмаған.

Құтқарушылар таулы аймаққа барып, төрт азаматты қауіпсіз жерге түсірді. Құтқарылған азаматтар медициналық көмекті қажет етпеді.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында таулы және туристік аймақтарға шығатын азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтап, ауа райы мен көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала ескеруге шақырамыз«, – делінген хабарламада.

Ал Алматы облысында Сатпаев шыңына әкесімен бірге көтерілген жасөспірімнің тауда жағдайы нашарлап, өздігінен қозғала алмай қалған. Құтқарушылар оны 4317 метр биіктіктен түсірген.

Сондай-ақ оқыңыз