Қазақстандағы ең табысты банктер анықталды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
ЕДБ 7 айдағы таза табысы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан банктері жеті айда 1,4 трлн теңгеге жуық таза пайда тапты. Алайда бұл ақшаның басым бөлігі санаулы қаржы ұйымына тиесілі: Halyk Bank пен Kaspi Bank екеуі банк секторы табысының шамамен 58%-ын жинаған.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы дерегіне сәйкес, Halyk Bank 539,1 млрд теңге таза пайдамен бірінші орында тұр. Бұл Kaspi Bank көрсеткішінен екі есе көп. Kaspi Bank жыл басынан бері 268 млрд теңге тапқан.

2026 жылғы 1 тамыз

Екінші деңгейлі банктердің таза табысы

Жыл басынан бергі нәтиже. Банктер таза табысының көлемі бойынша көптен азға қарай орналастырылды.

Банктер рейтингі Таза табыс, млрд тг
1Halyk Bank
539,13 млрд тг
2Kaspi Bank
267,99 млрд тг
3Банк ЦентрКредит
122,97 млрд тг
4Отбасы банк
99,98 млрд тг
5ForteBank
73,78 млрд тг
6Ситибанк Қазақстан
59,35 млрд тг
7Bank RBK
30,81 млрд тг
8Home Credit Bank
26,61 млрд тг
9Freedom Bank Kazakhstan
22,32 млрд тг
10Банк ВТБ (Қазақстан)
21,26 млрд тг
11Bereke Bank
21,13 млрд тг
12ICBC Almaty
17,68 млрд тг
13Қазақстандағы Қытай Банкі
17,43 млрд тг
14Altyn Bank
16,33 млрд тг
15Шинхан Банк Қазақстан
14,89 млрд тг
16Еуразиялық банк
12,40 млрд тг
17Қазақстан-Зираат халықаралық банкі
12,10 млрд тг
18Нұрбанк
5,09 млрд тг
19KMF Банкі
4,84 млрд тг
20Alatau City Bank
4,83 млрд тг
21ADCB Ислам Банкі
4,39 млрд тг
22Заман-Банк
3,04 млрд тг
23БиЭнКей Коммерциялық Банкі
−1,87 млрд тг
Дереккөз: ҚНРДА. Бастапқы көрсеткіштер мың теңгемен берілген; инфографикада миллиард теңгеге айналдырылып, екі ондық таңбаға дейін дөңгелектелді. Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Үшінші орында 123 млрд теңге пайдасы бар Банк ЦентрКредит орналасқан. Одан кейін Отбасы банк — 100 млрд теңге және ForteBank — 73,8 млрд теңге. Алғашқы бес банкке бүкіл сектор табысының 79%-ы тиесілі. Қарапайым айтқанда, банктер тапқан әр бес теңгенің төртеуіне жуығы осы бес қаржы ұйымының үлесінде.

Ситибанк Қазақстан 59,3 млрд теңге пайдамен алтыншы орынға шыққан. Bank RBK 30,8 млрд теңге, Home Credit Bank 26,6 млрд теңге, Freedom Bank 22,3 млрд теңге тапты. ВТБ Қазақстан мен Bereke Bank-тің пайдасы 21 млрд теңгеден асты.

Елдегі 23 банктің 22-сі жыл басынан бері пайда тапқан. Тек БиЭнКей Коммерциялық Банкі 1,87 млрд теңге шығын көрсетіп отыр. Ең аз пайда тапқандар қатарында Заман-Банк, ADCB Ислам Банкі, Alatau City Bank, KMF Банкі және Нұрбанк бар.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстандағы ең ірі 20 микроқаржы ұйымы (Инфографика)
Сондай-ақ оқыңыз