Маңғыстауда қызды тізерлетіп қойып ұрып-соққан

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған қызды тізерлетіп қойып, бірнеше жасөспірім ұрып жатқан видеосы тарады.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, полиция жанжалға қатысушылардың барлығын анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізген. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар сот пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

Жанжалға қатысушылар профилактикалық есепке қойылды.

Түркістан облысы Төле би ауданы Зағамбар ауылында өткен тойдың бірінде әнші қызды ұрып-соққан ер адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз