Еркебұлан Тоқтар – Бобиржон Исроилов: тікелей трансляция

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Еркебұлан Тоқтар – Бобиржон Исроилов / фото: Nomad Fighting

Бүгін, 28 тамызда Астанада өтетін IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында Еркебұлан Тоқтар (11-3) өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен жұдырықтасады.

Тоқтар мен Исроилов арасындағы жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен сағат 19:40-та басталады. Жекпе-жекті Nomad Fighting YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, кездесу суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтеді.

Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңға соңғы рет желтоқсан айында шығып, өзбекстандық Тимур Никулинді (9-2-2, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бобиржон Исроилов та кәсіпқой бокс бойынша соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, өзінің отандасы Сирожиддин Уразалиевті (0-11) алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.

Сондай-ақ оқыңыз