Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болып сайланды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болып сайланды. Құрылтай депутаттары жасырын сайлау өткізіп, жаңа спикерді таңдады.

Санақ комиссиясының жетекшісі Жанарбек Әшімжановтың баяндауынша, Дәдебайдың кандидатурасын қолдап 144 депутат бірауыздан дауыс берген. Бір депутаттың бюллетені жарамсыз болғандықтан, есепке алынбаған. Сондай-ақ экс-сенатор Нұрлан Бекназаров, «Ақжол» партиясының төрағасы Дания Еспаева және балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева құрылтай спикерінің орынбасары болып сайланды.

«Құрметті депутаттар, сенімдеріңізге рахмет! Мен үшін үлкен мәртебе әрі тарихи жауапкершілік», – деді құрылтай спикері алғашқы сөзінде.

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы. Партия Құрылтайдың алғашқы сайлауында 145 мандаттың 110-ын иеленген.

Бұған дейін оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

Оқи отырыңыз: Құрылтай төрағасына ұсынылған Айбек Дәдебай кім
 

Сондай-ақ оқыңыз