30 тамызда Алматының кей ауданында су өшеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттарда суық су уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы Су» хабарлады.

Суық су 29 тамыз сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты берілмейді.

Су өшірілетін аумақ Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі аралығындағы аумақты қамтиды.

«Алматы Су» жұмысты аяқтағаннан кейін желідегі судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Су жүйелері толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ басқа да сантехникалық құрылғыларды пайдаланбай қоя тұру керек.

Оқи отырыңыз: Аптап ыстықты жеңіл өткерудің 10 тиімді тәсілі

Сондай-ақ оқыңыз