«Қайрат» «Аталантамен» ойнайды: конференция лигасындағы қарсыластары анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
«Кайрат» перед ответным матчем с «Андерлехтом» в Брюсселе
фото: Қайрат ФК

Монакода өтіп жатқан жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» конференция лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайтын қарсыластарын білді. Жалпы кезеңнің форматына сәйкес Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 6 матч өткізеді, 3 ойын өз алаңында, 3 ойын сыртта өтеді.

«Қайраттың» өз алаңында (Алматыда) өткізетін ойындары: «Панатинаикос» (Грекия), «Университатя Крайова» / U. Craiova (Румыния), «Мьельбю» / Mjällby (Швеция)

«Қайраттың»  қонақта өткізетін матчтары: «Аталанта» (Италия), «Твенте» (Нидерланды), «Рига» (Латвия)

Еске сала кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі кездесулер 2026 жылдың қазан мен желтоқсан айлары аралығында өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша 36 команданың ішінен үздік 24 ұжым плей-офф сатысына жолдама алады.

Сондай-ақ оқыңыз