Тоқаев Норвегияның жаңа Королі VIII Хоконға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға әкесі Король V Харальдтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Президент өз жеделхатында марқұм Король V Харальдтің мемлекет дамуындағы орны мен тарихи рөлін ерекше атап өтті.
«Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді», – делінген хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король VIII Хоконға, корольдік отбасы мүшелеріне және барша Норвегия халқына ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.