Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық «Ханзаданы» нокаутпен жеңді

Қазақстандық актер әрі боксшы Еркебұлан Тоқтар (11-3) Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде «Ханзада» (Принц) лақап аты белгілі өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0) кездесті, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Тоқтар мен Исроилов жекпе-жекті кәсіпқой бокс ережесі бойынша суперорта салмақта өткізді. Кездесуге дейінгі рекорды: Еркебұланда – 2-0, 2 КО, Бобиржонда – 1-0, 1 КО болған еді.
Бұл текетірестің нәтижесі бойынша қазақстандық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, оның қарсыласы төрт рет нокдаунға түсті.
Осылайша, Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Бобиржон Исроилов кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңға соңғы рет желтоқсан айында шығып, өзбекстандық Тимур Никулинді (9-2-2, 4 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бобиржон Исроилов та кәсіпқой бокс бойынша соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, өзінің отандасы Сирожиддин Уразалиевті (0-11) алғашқы раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.