Қастандық қаупі: Нетаньяху ұлын шұғыл түрде АҚШ-тан қайтарды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Сына Нетаньяху срочно вывезли из США из-за угрозы покушения
Қастандық қаупі: Нетаньяху ұлын шұғыл түрде АҚШ-тан қайтарды / Фото: shutterstock

Израиль барлау қызметі қастандық дайындалып жатқаны туралы ақпарат алғаннан кейін Израиль премьер-министрі ұлы Яир Нетаньяхуды Флоридадан шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

The Jerusalem Post басылымының жазуынша, Израильдің «Шин-Бет» қауіпсіздік қызметі желтоқсан айында-ақ Яир Нетаньяхуды өлтіру ықтимал жоспары туралы білген. Бұл туралы Америка билігіне ескерткен. Барлау қызметі Иранмен байланысты адамдар Майами ауданында болғанын анықтаған.

Яир үнемі израильдік қауіпсіздік қызметкерлерінің қорғауында болды, алайда жаңа ақпарат түскеннен кейін оған АҚШ-тан дереу кетуге бұйрық берілді. Шұғыл жағдайға байланысты ол заттарын да жинап үлгерместен аяқ асты, Израильге оралды. Қазір ол сонда.

Яир Нетаньяху 35 жаста. Ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның жұбайы Сараның үлкен ұлы. Соңғы жылдары ол уақытының басым бөлігін Флоридада, Майамида өткізген.

Айта кетейік, осыған дейін Түркия Әділет министрлігі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды халықаралық іздеуге жариялау туралы өтінішпен Интерполға жүгінгенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз