Солтүстікте үсік, оңтүстікте ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Жарияланды
(жаңартылды )

Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжанып отыр.
«Қазгидромет» Қазақстанның мегаполистеріндегі 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығына ауа райы болжамын ұсынды.
Астана
- 30 тамыз: көшпелі бұлт, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С.
- 31 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, 1°С үсік жүреді, күндіз +12+14°С.
- 1 қыркүйек: көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +13+15°С.
Алматы
- 30 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.
- 31 тамыз: көшпелі бұлт, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, мезгіл-мезгіл екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.
- 1 қыркүйек: көшпелі бұлт, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8, мезгіл-мезгіл екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +21+23°С.
Шымкент
- 30 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +35+37°С.
- 31 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.
- 1 қыркүйек: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С.