Бұқтырма су қоймасында екі демалушы құтқарылды
Жарияланды
(жаңартылды )

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар катері қайырлап қалған екі ер адамға көмектесті, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенші жағдайлар министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға Алтай ауданындағы Гусиный аралында болған. Демалушылар жағаға қайта алмаған соң көмекке жүгінген.
ТЖМ қызметкерлері катерді қайырдан шығарып, екі ер адаммен бірге жағаға дейін ілесіп жеткізді. Демалушылардың жағдайы жақсы, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұған дейін биіктігі 4317 метр болатын Сәтбаев шыңынан түсу кезінде үш бойжеткен тауда адасып кеткен еді. Күннің қараңғылануына байланысты олар жолды өздігінен әрі қарай жалғастыра алмаған.