Жаздың соңғы аптасында KASE-де қай акциялар қымбаттады

KASE индексі 24-28 тамыз аралығын айқын плюспен аяқтады. Дүйсен, 24 тамыз күнгі 8 016,62 пункттен жұмада 8 131,71 пунктке көтеріліп, бес сауда күніндегі өсім 1,44% болды. Жұма, 28 тамыз күні индекс тағы 0,23% қосқан.
Аптада ең көп қымбаттаған акция — «Қазатомөнеркәсіп» акциясы. KZAP бағасы 32 921,38 теңгеден 34 902,22 теңгеге дейін көтеріліп, 6,02% өсті. Апта соңында акция тағы 3,1% қымбаттаған.
ҚазТрансОйл акциясы да айтарлықтай нығайды. Бағалы қағаз 1 147,97 теңгеден 1 190 теңгеге дейін көтеріліп, аптаны +3,66% нәтижемен жапты. KEGOC 2,02%, Halyk Bank 1,97%, Kaspi.kz акциялары 1,58% қымбаттады.
«ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», Kcell және Банк ЦентрКредит акцияларының қозғалысы әлдеқайда баяу болды. Олардың апталық өсімі 0,01-0,14% аралығында қалды. Жалпы алғанда, индекс құрамындағы 10 акцияның тоғызы аптаны өсіммен аяқтады.
Минус аймақта жалғыз Air Astana акциясы қалды. AIRA акциясы дүйсенбідегі 712,54 теңгеден жұмада 708,02 теңгеге төмендеп, бір аптада 0,63% арзандады.
Апта соңындағы серпін де оң болды: 26 тамызда индекс 0,95%, 27 тамызда 0,69%, ал 28 тамызда тағы 0,23% өсті. Жұмадағы сауда барысында KASE индексі 8 158,73 пунктке дейін көтерілген.