Алматы тауларында жоғалып кеткен жеті жастағы қыз құтқарылды

Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен баланы іздеп, көмек көрсетті.
2019 жылы туған баланың жоғалып кеткенін ата-анасы байқап, «112» пультіне хабарласқан. Аюсай шатқалында патруль жүргізген құтқарушылар қызды тауып, анасына тапсырды. Медициналық көмек қажет болмады.
Сол түні Алматы облысының Қарасай ауданында, Үлкен Алматы асуының маңында 3600 метр биіктікте таудан түсіп келе жатқан үш турист адасып кеткен. Олар құтқарушыларға хабарласқан.
«Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінен Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оқиға орнына аттанды. Туристермен байланыс орнатып, олардың геолокациясын анықтады. Құтқарушылар үш адамды «Алма-Арасан» шипажайына дейін аман-есен алып түсті. Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар қызметі тауға шыққан азаматтарға ауа райы мен маршрутты алдын ала ескеріп, жақындарына баратын бағыты туралы хабарлап, байланыс құралдарын алып жүруді ескертеді.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында үстіне тас құлаған турист ауруханаға жеткізілді