Тоқаев вице-президент лауазымына кандидатты ұсынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
General news бөлімінің редакторы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының келісімімен Ерлан Қаринді Қазақстан Республикасының вице-президенті кандидатына ұсынды деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Ең алдымен вице-президент кандидатурасы бойынша ақылдасуымыз керек. Мен осы лауазымды Конституцияға енгізудің маңызы жөнінде бұған дейін де айттым. Вице-президент мемлекеттік басқару ісінде айрықша рөл атқарады. Сондай-ақ атқарушы билік арасында теңгерімді рөл атқарады. Вице президент құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді. Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы айқындаған істерді атқарады. Мен бұл лауазымға Ерлан Тынымбайұлы Қаринның кандидатурасын ұсынамын», – деді Тоқаев.

Президент ұсынған кандидатураны Құрылтай депутаттары қарастырып, оған келісім беру мәселесі бойынша дауыс берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша, Қаринді 141 депутат қолдады, 4 депутат қалыс қалды.

«Әр азамат үшін елге қызмет ету зор мәртебе. Маған да осы жылдар үшін осындай мүмкіндік бергеніңіз үшін зор алғыс айтамын», – деп жаңа вице-президент Тоқаевқа алғыс сөзінде.

Бұл – Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізілгеннен кейінгі алғашқы тағайындау.

Жаңа вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде мемлекет басшысының атынан өкілдік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз