US Open 2026: Александр Бублик турнирді жеңіспен бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Александр Бублик теперь 16-я ракетка мира
фото: АТР

Нью-Йоркте теннис маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирі – АҚШ ашық чемпионатының (US Open) алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.Media Кестеге сәйкес кортқа Қазақстан намысын қорғайтын екі спортшы – Александр Бублик пен Александр Шевченко шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Бублик бастапқы кездесуінде жарыс қожайыны, әлемнің 253-ракеткасы Джей Джей Вульфпен шеберлік байқасты. Ойын басында отандасымыз айқын басымдық көрсетіп, алғашқы екі сетті сенімді түрде иеленді – 6:4, 6:2.

Үшінші партияда америкалық теннисші жинақталып, таразы басын өзіне аударды – 3:6. Дегенмен Александр Бублик тез арада ойын ырғағын қалпына келтіріп, төртінші сетте бірден үш геймді қатарынан еншіледі де, матчты жеңіспен аяқтады – 6:1.

Ал Александр Шевченко болса үш сетте де хорватиялық Дино Прижмичке есе жіберді. Турнирдің екінші айналымында Бублик аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте мен Франция өкілі Адриан Маннарино арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, US Open 2026 турнирінің алдында Елена Рыбакина WTA лайв кестесінде бірінші орынға шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз