Тоқаев премьер-министр лауазымына кандидат ұсынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
General news бөлімінің редакторы
Бектенов отчитал акимов регионов за медлительность и срыв водных проектов
фото:gov.kz

Бүгін, 31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының жиынында премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

«Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат, жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді», – деді Тоқаев.

Президент ұсынған кандидатураны Құрылтай депутаттары қарайды. Депутаттар үкімет басшысын тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша дауыс берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша, Бектеновті 137 депутат қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

«Тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Экономиканың барлық саласында цифрлық трансформация жалғасын табады», – деді премьер-министр Бектенов сөзінде.

Бұған дейін премьер-министр мен үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқарушы мәртебесінде қызметін жалғастырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз