Halyk Bank телефон номері арқылы ақша аудару қызметінің ақысын көтерді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
реклама
Телефон номері арқылы ақша аудару қымбаттайды / Фото: shutterstock

27 қарашадан Halyk Bank арқылы басқа банктерге телефон нөмірі арқылы ақша аудару құны өседі. Мұндай аударымдар үшін алынатын комиссия 200 теңгеден 250 теңгеге дейін көбейеді. Яғни, қызмет ақысы бірден 25%-ға қымбаттайды.

Банк өкілдері тарифтің өзгеруін нарықтағы жағдаймен түсіндірді. Олардың айтуынша, бұл қадам көрсетілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін сақтап қалу үшін жасалып отыр.

Жалпы қазақстандықтар телефон нөмірі арқылы 12 банк арасында ақша аудара алады.

Қазіргі уақытта жүйеде Банк ЦентрКредит, Фридом Банк Қазақстан, Қазақстан Халық Банкі, Bereke Bank, Bank RBK, Altyn Bank, Хоум Кредит Банк, Forte Bank, KMF Банк, Alatau City Bank, Еуразиялық банк және Нұрбанк бар.

Ұлттық банктің 1 тамыздағы дерегіне сәйкес, Halyk Bank 539,1 млрд теңге таза пайдамен 23 банк арасында бірінші орында тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз