Гранд-каньонда су тасқыны: 15 турист із-түзсіз жоғалып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

АҚШ-тағы Гранд-каньонның кейбір аумақтарын кенеттен су тасқыны басып, шамамен 15 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ұлттық саябақ қызметінің (NPS) мәліметінше, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:30-да су тасқыны каньонның Bright Angel аймағы мен Phantom Ranch аумағын басып қалған.

Қазір аумақтан 62 адам тікұшақпен шығарылды. Эвакуациялауды күтіп отырған басқа да азаматтар бар. 15 адам жоғалып кеткені хабарланды.

«Бәрі өте қорқынышты болды», – деді екі құрбысымен бірге Үлкен каньонның түбінен тікұшақпен эвакуацияланған 41 жастағы Никки Бэггс.

Су тасқынының кейбір аумақтарға айтарлықтай зиян келтірген. Аймақтағы соқпақтар жабылған. Бэггстің айтуынша, ол биіктеу жерден бірнеше көпірді су шайып кеткенін көрген.

Ал Непалда алапат су тасқынынан 794 адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз