400-500 мың теңгелік IT курстарды тегін оқуға болады: Tech Orda гранты басталды

Astana Hub IT курстарды тегін оқуға мүмкіндік беретін Tech Orda бағдарламасының басталғанын хабарлады. Тіркелу үшін 7 қыркүйекке дейін өтінім қалдырып үлгеру керек.
Бағдарламада UX/UI дизайны, жасанды интеллект, продакт-менеджмент, геймдев, Data Science, деректерді талдау, инжиниринг, бағдарламалау, ұялы қосымшалар жасау және киберқауіпсіздік бағытындағы ондаған курс бар. Олардың әрқайсысында оқу құны – 400-500 мың теңге аралығында.
Дегенмен 18 бен 45 жас аралығындағы кез келген қазақстандықтың сол курсты тегін оқуына мүмкіндік бар. Ол үшін грантқа өтініш беру керек. Бір адамға бір грант бұйырады. Бірақ мүмкіндігін арттыру үшін бір уақытта әртүрлі курстарға 5 өтінімге дейін беруге болады.
Барлығы 73 IT-мектепте 155 курс болады. Олар жаңадан бастаушыларға да, тәжірибесі бар мамандарға да жарайды. Оқу, бағытына қарай, онлайн немесе офлайн форматта 6 айдан бастап жалғасады.
Курстар тізімін және қанша адам ол курстан оқуға үміткен екенін мына жерден көре аласыз.
Оқи отырыңыз: IT саласын нөлден бастап меңгергісі келетін әйелдерге арналған жобалар