Orda.kz сайты жабылады, құрылтайшы мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Орда басылымы

Алты жылдық жұмыстан кейін Orda.kz редакциясы ресми түрде жұмысын тоқтатты. Бұл туралы сайттың құрылтайшысы «Ordamedia.kz» ЖШС директоры Мақсат Ғаниев мәлімдеді.

Ғаниевтің түсіндіруінше, басылым өзін бизнеc жоба ретінде ақтамағандықтан осындай шешім қабылдаған.

«Мен Orda.kz басылымына алты жыл инвестиция салдым. Түсінгенім бұл жоба өзін ақтауына еш мүмкіндік жоқ. Ал бастапқыда Orda.kz бизнес жоба ретінде басталған еді. Егер «көлеңкелі кассасыз», «бұғаттаусыз» жұмыс істесе ғана, жарнамалық келісім-шарт есебінен табыс табуы мүмкін, бірақ өзін ақтауға шамасы жетпейді. Ондай кезде инвестицияны қайтару туралы сөз айтудың өз қиын», – деп жазды ол.

Ресми хабарламаға сәйкес, бірінші қыркүйектен бастап қазақ және орыс редакциясы да жұмысын тоқтатады. Қызметкерлерге толық көлемде жалақысын төлеуге уәде берілді.

Orda.kz – қоғамдық-саяси бағыттағы басылым. Осы жылы тамызда сайттың бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот үкімі шығып, ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазаны орындау екі жылға кейінге шегерілді.

Сондай-ақ оқыңыз