Автосарапшы Қазақстанда ең өтімді жүрілген көліктерді атады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
авторынок РК, автомобили Казахстан, авторынок, авто с пробегом
Қай көлікті қайта сату оңай? / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстанның автонарығы айтарлықтай баяулағанымен, сатып алушылар «екінші нарықтан» өзін дәлелдеген сенімді көліктерді іздеуді жалғастырып жатыр. Автоблогер әрі көлік таңдауға көмектесетін маман Владислав Жуков қазіргі ұсыныстарды саралап, қай модельдердің өтімділігі жоғары екенін айтты.

Ескірмейтін классика

Жүрілген көліктер арасынан рамалы жол талғамайтын көлік таңдағанда қазақстандықтар дәстүрлі түрде жапон маркаларына басымдық береді. Сарапшының айтуынша, 2006 жылы шыққан, 4,7 литрлік қозғалтқышы бар Toyota Land Cruiser 100 шамамен 10 млн теңге тұрады. Бұл қозғалтқыш ресурсы ұзақ әрі жөндеуге қолайлы агрегаттардың бірі саналады.

«Жүзінші Крузак – бағасын ешқашан дерлік жоғалтпайтын көлік. Меніңше, оны сатып алған бағаңызға қайта сата аласыз», – деді Жуков.

Toyota Corolla-ның 180 шанақты нұсқасына да сұраныс тұрақты. Жақсы сақталған көліктердің орташа бағасы 6–6,5 млн теңге, ал жабдықталуы жоғары нұсқалары 7 млн теңгеге дейін жетеді. Алайда бұл модель такси саласында кеңінен пайдаланылғандықтан, сатып алар алдында әр көліктің жағдайын мұқият тексеру қажет.

Бюджет сегментіндегі көшбасшылар

Қолжетімді көліктер арасында Chevrolet Cobalt ерекше сұранысқа ие. Автосалондарда жаңа көліктердің бағасы шамамен 6–7 млн теңге, ал 2023 жылғы Cobalt-тар «екінші нарықта» шамамен 5,5 млн теңгеге тез сатылып кетеді.

«Қызығы сол, жүрісі аз «Кобальттарды» да тез алып кетеді. Қарапайым әрі сенімді көлік: жүре береді, жүк тасиды, болды», – деді автоблогер.

Қалалық кроссоверлер арасында сатып алушылар көбіне 2021 жылғы Hyundai Tucson моделіне назар аударады. Оның бағасы шамамен 11,5 млн теңге. Автосарапшы 2,5 литрлік қозғалтқышы бар нұсқаларды іздеуге кеңес береді. Себебі 2 литрлік қозғалтқыштарда фазаны реттеу жүйесіне қатысты ақаулар жиі кездеседі.

Алматыда сұраныстағы модельдер және турбомоторлар

Алматыда Subaru көліктеріне сұраныс дәстүрлі түрде жоғары. Мысалы, 2,5 литрлік қозғалтқышы бар 2016 жылғы Subaru Outback шамамен 9,7 млн теңге тұрады. 2020 жылға дейін шығарылған көліктерді сатып аларда май шығынына назар аударған жөн. Өндіруші бұл мәселені қозғалтқыштың кейінгі нұсқаларында жойған.

Сонымен қатар Қазақстанда турбомоторы және тікелей бүрку жүйесі бар Корея мен АҚШ-тан әкелінген салыстырмалы түрде жаңа көліктер де белсенді сатылып жатыр.

«Бізде мұндай көліктерді сатып алуға біраз сақтықпен қарайды. Көбіне бензин сапасына байланысты қарапайым атмосфералық қозғалтқыштарды таңдайды. Тікелей бүрку жүйесі бар қозғалтқыштарда күйе тез жиналады, сондықтан турбомоторға өте мұқият күтім қажет», – деп қорытындылады маман.

Тағы да оқыңыз: Жүрілген Chevrolet Cobalt-ты қалай дұрыс таңдау керек

Сондай-ақ оқыңыз