Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

фото: Ақорда

Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз