Қасым-Жомарт Тоқаев «Бішкек Аренаға» келді
Жарияланды
(жаңартылды )

Қырғызстан астанасы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтіп жатыр. Салтанатты іс-шараға бірнеше елдің президенті қатысады, деп хабарлайды KursivMedia.
«Бішкек аренаға» келген қонақтардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, түрік президенті Режеп Тайип Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди, Армения премьер-министрі Никол Пашинян да бар. Қонақтарды қырғыз президенті Садыр Жапаров күтіп алып жатыр.
Айта кетейік, көпшенділер ойындарының ашылуына 29 мың қонақ келген. Ал жарыстарға 112 елден келген спортшылар қатысады.