Астанада құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Астанада құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты / Фото: shutterstock

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендердің қазіргі жай-күйі туралы мәліметпен бөлісті.

Оқиға салдарынан бір адам тіл тартпай кетті. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Шақырту түскен бойда оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадалары жедел жеткен.

Басқарманың ресми хабарлауынша, апаттан кейін екі адам әртүрлі жарақаттармен Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірінің жағдайы өте ауыр. Ол қазіргі уақытта стационарлық деңгейде барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Ал екінші пациентке тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін, амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.

Оқи отырыңыз: Астанада құрылыс алаңында кран құлады

Сондай-ақ оқыңыз