Көшпенділер ойындары ашылуына спортшылар қандай киіммен келді – фоторепортаж
Жарияланды

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне 104 елден келген спортшылар қатысты.
Шара барысында әр елдің спортшылары өздеріне тән ерекше үлгіде киініп, ұлттық нақыш пен заманауи спорттық стильді үйлестіре білді. Бірі дәстүрлі ұлттық киіммен шықса, енді бірі заманауи спорттық форманы таңдаған.

Мәселен Қазақстан құрамасы алаңға қанық көк түсті спорттық киіммен шықты.

Америкалық спортшылар ковбой стилінде шықты. Айта кетейік, Ковбой деп Солтүстік Американың (негізінен Батыс АҚШ пен Техастың) ауылдық аймақтары мен ранчоларында атқа мініп, ірі қара мал бағатын бақташыларды атайды.





Айта кетейік, көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.