«Алтын Емел» ұлттық паркінде өрт әлі сөндіріліп жатыр
Жарияланды
(жаңартылды )

«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 31 тамызда орман өрті тіркелді. Өрт ошағы оқшауланды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақпаратына сүйенсек, орман шаруашылығының қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» мамандары өртті толық сөндіру және оның қайта тұтануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Өртті сөндіру кезіндегі негізгі міндет – тілсіз жаудың одан әрі таралуына және оның көршілес аумақтарға өтуіне жол бермеу, сондай-ақ өртті толық жою.
Орман аумақтарындағы өрт жағдайы тұрақты бақылауда.
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар орман өртімен күресті жалғастырып жатқанын жазған едік.