Көкшетауда түнде аулада шу шығарған қыздар жазаланды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
полиция
Көкшетауда түнде аулада шу шығарған қыздар жазаланды / Фото: ІІМ

Оқиға видеосын шудан оянған маңайдағы үйлердің тұрғындары түсіріп алған, полицияны да солар шақырған, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Көкшетауда мас екі қыз түнгі уақыттағы жанжал үшін ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Оқиға 30 тамызда орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыздар ойын-сауық мекемелерінің бірінен шығып, автокөлікпен бара жатқан жолда араларында сөзге келіспеушілік туындаған. Көліктен түскеннен кейін сөзталастың соңы төбелеске ұласқан. Шу маңайдағы үйлер тұрғындарының назарын аударып, олар полиция шақырған», – деп атап өтті ведомство.

Оқиға орнына жеткен наряд жанжалға қатысушылардың жеке басын анықтады. Екі әйелге қатысты да тыныштықты бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық пен қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыз