Қырғызстанда ШЫҰ саммиті басталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті басталды.

Саммитке Беларусь президенті Александр Лукашенко, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин қатысады.

Мемлекет басшыларын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Қарсы алу рәсімі мен бірлескен фотосессиядан кейін делегация басшылары саммит өтетін залға өтіп, ұйым аясындағы мәселелерді талқылауға кірісті.

Оқи отырыңыз: Әлем президенттері Қырғызстанға жиналып жатыр

Сондай-ақ оқыңыз