Алматы облысында екі клиника МӘМС-тен 65,9 млн теңге ұрлаған

Жарияланды
коллаж: kursiv.media

Алматы облысы прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегін анықтады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Тексеру барысында жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы 65,9 млн теңге заңсыз алынғаны белгілі болды.

«Екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде МӘСҚ қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген», – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Сондай-ақ оқыңыз