Белгілі бір қызметтерге өмір бойы тыйым салу заңды ма: Конституциялық сот тексереді

Конституциялық сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің Ата заңға қаншалықты сай екенін тексеруді бастады. Тексеруге азаматтардың бірі түсірген шағым себеп болған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Өтініш иесінің айтуынша, мемлекеттік қызметкер саналмайтын және сыбайлас жемқорлық субъектісіне жатпайтын тұлғаларға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойы шектеу қою әділетсіз. Бұл іс-шара жауаптылықты даралау мен мөлшерлестік қағидаттарына қайшы келеді.
Сонымен қатар шағымданушы мұндай өмірлік тыйым Ата заңмен қорғалатын еңбек ету және кәсіп түрін еркін таңдау құқығын шектейді деп есептейді.
Конституциялық сот бұл мәселеге қатысты шешімді қосымша жариялайтынын хабарлады.
Еске салсақ, осыған дейін Конституциялық сот жаңа Конституциядағы лауазымды адамды тағайындау мен сайлау мәртебесі туралы нормаларға түсініктеме берді. Яғни 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін конституциялық нормаларда аталған лауазымдар өз қызметіне алғаш рет сайланды не тағайындалды деп есептеледі. Бұл өзгеріске сәйкес, мемлекет басшысы Тоқаевтың осыған дейінгі президенттік мерзімі жойылып, жаңадан сайлауға түсуіне жол ашылады.