Ресейде оқушы қыз ұстаздар мен балаларға пышақпен шабуыл жасады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Красноярск өлкесі Канск қаласындағы №2 мектепте 1 қыркүйек күні жетінші сынып оқушысы педагогтер мен құрдастарына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Іnterfax ақпаратына қарағанда, соның салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.

Красноярск өлкесі мен Хакасия Республикасы бойынша Бас тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Канск қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға фактісі бойынша Ресей ТК ҚХР бойынша БТБ тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Тергеу кәмелетке толмаған баланың бұл қылмысты жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап жатыр.

Сондай-ақ Татарстанда мектеп оқушысы еден жуушы әйелді пышақтап тастаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз