Enrique Iglesias концертіне байланысты Астанада жолдар уақытша жабылады

3 қыркүйекте Астанада әлемге әйгілі әнші Enrique Iglesias-тің концерті өтеді. Осыған байланысты «Астана Арена» стадионы маңындағы жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.
Концерт сағат 20:00-де басталады. Қозғалысты шектеу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көрермендердің стадионға кедергісіз жетуін және көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.
Қай аумақтарда шектеу болады
Уақытша шектеу «Астана Арена» стадионына жақын екі бағытта қойылады:
- «Алау» мұз сарайы жағынан – Марко Поло көшесі;
- «Сарыарқа» велотрегі жағынан – Месроп Маштоц көшесі.

Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына концерт өтетін күні аталған аумақтардағы қозғалысты алдын ала ескеріп, сапар бағытын жоспарлауды ұсынады.
Еске салайық, Enrique Iglesias концертіне баратындар арнайы автобустармен қатынай алады. «Астана Арена» стадионына төрт нүктеден арнайы шаттл автобустар қатынайды.
Шаттл автобустар мына нүктелерден жүреді:
- Елорда циркінің жанындағы автотұрақ;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанындағы автотұрақ;
- Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы автотұрақ;
- «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) жанындағы автотұрақ.