Бір адамға 15 шаршы метрден: Астанада пәтерге тіркелуге қатысты талап күшейді

5 қыркүйектен бастап Астанада тұрғылықты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеуге қатысты жаңартылған ережелер күшіне енеді. Жаңа талапқа сәйкес, тұрғын үйге тіркелген әр адамға кемінде 15 шаршы метр пайдалы алаң тиесілі болуы керек. Бұл туралы Kursiv.media Krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда бұл ережеге қатысты ерекшелік қарастырылған. Тұрғын үй иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына 15 шаршы метрлік норма қолданылмайды. Яғни оларды пәтердің көлеміне қарамастан тіркеуге болады.
Тіркеу рәсімі кезінде тұрғын үйдің көлемі және онда бұрыннан тіркелген адамдардың саны ескеріледі. Мысалы, 60 шаршы метрлік пәтерге төрт адамнан артық адамды тіркеуге болмайды.
Не өзгереді
- Шағын пәтерге бөгде адамдарды жаппай тіркеуге енді болмайды.
- Уақытша тіркеу кезінде де әр адамға кемінде 15 шаршы метр пайдалы алаң қарастырылуы керек.
- Пәтер жалдап тұратын азаматтар ресми тіркеуден өткен кезде тұрғын үйдің көлемін ескеруі қажет.
Жаңа ереже бір мекенжайға ондаған, тіпті жүздеген адам тіркелетін «резеңке пәтерлер» мәселесімен күресуге бағытталған.
Жаңа талап 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Еске салайық, осыған дейін Алматыда тұрғын үйге тіркелу тәртібін қатаңдату ұсынылған еді.