Тим Кук Apple басшысы қызметінен кетті

Apple корпорациясының басшысы Тим Кук компанияны 15 жыл басқарғаннан кейін бас директор қызметін босатты, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Осы уақыт ішінде компания өз экожүйесін айтарлықтай кеңейтіп, нарықтық капитализациясы 1 трлн долларға жеткен алғашқы америкалық жария компания атанды. Кейін Apple-дің капитализациясы 4 трлн долларға жуықтады.
CEO қызметінен кеткеніне қарамастан, Тим Кук Apple компаниясында директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы ретінде жұмысын жалғастырады. Оның орнына компанияның аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі аға вице-президенті қызметін атқарған Джон Тернус келеді.
Кук Apple компаниясына 2011 жылдың тамызында корпорацияның негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс қызметінен кеткен соң келді. Кук Джобспен 1998 жылы танысып, сол жылы Apple компаниясына қосылған. Алғашында ол компанияның халықаралық операциялық процестеріне жауап берді.
Қызметкерлеріне жолдаған қоштасу үндеуінде Кук Apple-ден кетпейтінін айтып, компанияның қол жеткізген жетістіктерін команданың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен.
Оның бас директор қызметінен кететіні туралы 2026 жылдың сәуірінде белгілі болған еді. Ал Тернус Apple-де 2001 жылдан бері жұмыс істейді және компанияның iPhone, iPad және Mac сияқты негізгі өнімдерінің әзірленуін қадағалаған. 2021 жылдан бастап ол жоғары басшылықтың құрамына кіреді.