Таиланд туристер үшін визасыз режимді 30 күнге дейін қысқартады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Таиланд туристер үшін визасыз режимді 30 күнге дейін қысқартады
Таиланд туристер үшін визасыз режимді қысқартады / фото: shutterstock

Таиланд үкіметі елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Шешім 15 қыркүйекте күшіне енеді, деп хабарлады khaosod.co басылымы..

Бұған дейін 93 елдің азаматтары Таиландта 60 күнге дейін визасыз жүре алатын еді.

«93 елдің азаматтарына туристік және қысқа мерзімді іскерлік сапарлар үшін берілетін 60 күндік визасыз режим жойылады 2024 жылғы 15 шілдедегі бұрынғы қаулының күші толық жойылады», – делінген Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракун қол қойған құжат мәтінінде.

Таиланд билігі азаматтары туристік мақсатпен 30 күнге визасыз кіре алатын 60 ел мен аумақтың жаңа тізімін жасақтады. Бұл жаңа тізімде Қазақстан жоқ.

Саяхатшылар құрлықтағы өткізу пунктері арқылы елге кіргенде визасыз режимді күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық пайдалана алмайды. Бұл шектеуден тек Бруней, Индонезия, Малайзия және Сингапур азаматтары босатылады.

Таиланд СІМ өкілдері атап өткендей, халықаралық әуе рейстерімен келетін туристер үшін елге кіру саны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Дегенмен иммиграциялық билік өкілдері визасыз режимді теріс пайдаланған немесе елге туристік емес мақсатпен келген азаматтарды кіргізуден бас тарта алады.

Сондай-ақ оқыңыз