Үміттің артынан Балқашқа тағы бір жолбарыс жібереді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Үміт атты жолбарыс бостандыққа шықты
фото: Экология министрлігі

Үміттің артынан Балқашқа тағы бір жолбарыс жібермекші. Қазір мамандар оның қаншалықты аң аулап, жабайы табиғатта өзін қалай ұстай алатынын тексеріп жатыр деп хабарлайды Kursiv.Media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, мамандар жолбарысты тікелей көрмейді. Ол адамға үйренбей, жабайы табиғатқа қажетті машығын жоғалтпас үшін қашықтан тамақтандырады.

Тест жолбарыстың көрсеткіштерін өте жақсы деп бағалаған. Физикалық жағдайы да жақсы. Әрі қарай да барлық тексерістен дұрыс өтсе, жолбарыс жақын күндері жабайы табиғатқа шығады. Оған Амур деп ат қойған.

Айта кетейік, Ресейден Қазақстанға төрт жолбарыс жіберген. Қалған екі жолбарысты келесі жылдың көктем-жазында шығармақшы.

Еске салайық, 3 тамызда «Іле-Балқаш» резерватында Үміт есімді жолбарыс табиғатқа жіберген еді. Бұл соңғы жетпіс жылда Қазақстандағы жабайы табиғатқа шығарған алғашқы жыртқыш. Алғашқы күндері ол қасқыр мен қабан аулап үлгерген.

Сондай-ақ оқыңыз