АҚШ-тың Иранға соққысынан 11 адам қаза тапты

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Иран билігі АҚШ-тың ел аумағына жасаған жаңа соққылары салдарынан 11 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

АҚШ-тың зымырандары елдің оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясындағы нысандарды атқылаған. Хузестан губернаторының қауіпсіздік және құқық қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарының мәліметінше, провинциядағы үш нысанға жасалған соққыдан 7 адам қаза тауып, тағы 8 адам жараланған

Иранның мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі хабарлағандай, бұған дейін Сириктің оңтүстік ауданында үйлену тойы кезінде жасалған америкалық шабуылдан 5 адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан. Иран Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметінше, 60-тан астам адам жараланған.

Еске салсақ,  31 тамызда АҚШ пен Иран тағы да бір-біріне қарсы шабуыл жасауды бастаған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз