Қазақстанның алты облысында шетелдіктерге арналған казино ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Үкімет шетелдіктерге арналған казино мен ойын автоматтары залдары жұмыс істейтін аумақтарды белгіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media

Тізімге мына аумақтар кірді:

  • Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары;
  • Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауы;
  • Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауы және Панфилов ауданы;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Зайсан аудандары;
  • Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы;
  • Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы.

Казиноға кімдер кіре алады

Аталған аумақтарда орналасатын ойын-сауық орындарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар кіре алады.

Сонымен қатар нысандарға еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындау үшін келген қызметкерлер мен басқа да адамдарды кіргізуге рұқсат етіледі.

Ал қазақстандықтар үшін бұған дейін белгіленген тәртіп сақталады. Олар Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан казино мен ойын автоматтары залдарына бара алады.

Бұл аумақтарда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың да жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Қаулы қашан күшіне енеді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов 26 тамызда қол қойған. Құжат 31 тамызда ресми түрде жарияланды. Қаулы 11 қыркүйекте күшіне енеді.

Еске салайық, Алматы облысының Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған жаңа казино аймағы ашылуы мүмкін. Жоба қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алып, қазір заңнама аясында қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз