KESHYOU тобының Астанадағы концертіне барлық билет екі күнде сатылып кетті

Алматыда 25 мыңнан астам көрермен жинаған KESHYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық шоуы енді елордада өтеді. Концерт бағдарламасы жартылай жаңартылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Концерт өтетін күн
Концерт 19 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.
20 жыл сахнада жүрген KESHYOU қазақстандық поп-мәдениет тарихының бір бөлшегіне айналды, ал топтың әндері бірнеше буынының есінде сақталды.

Астанадағы концерттің билеті небәрі екі күн ішінде толықтай өтіп кетті. Концерттің ресми билет операторы – Freedom Holding Corp. экожүйесінің бір бөлігі болып табылатын Freedom Афиша (ex-Ticketon).
Платформа билеттерді аз уақыт ішінде сатуды қамтамасыз етіп, сұраныс ең жоғары болған сағаттарда үзіліссіз жұмыс істеді.

Ресми солдауттан кейін сервис әлеуметтік желілер арқылы билетті «қолдан» сатып алмауға кеңес береді. Ұйымдастырушылар ресми арналардан тыс сатып алынған билеттердің түпнұсқалығы үшін жауап бермейді.
Іс-шараға бара алмайтындар немесе қайталама нарықтан билет іздеушілер үшін Freedom Fan2Fan сервисі арқылы ресми түрде қайта сату мүмкіндігі қарастырылған. Бұл – Қазақстандағы жеке тұлғалар арасында билеттерді қауіпсіз қайта сатуға арналған алғашқы ресми маркетплейс.
Барлық ереже мен шарттар ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Топтың алғашқы мерейтойлық шоуы
Топтың алғашқы мерейтойлық шоуы 29 мамырда Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бір сахнада KESHYOU-дың әр кезеңіндегі қатысушылары, соның ішінде ең танымал құрамдардың әншілері бас қосты.
Шоу үшін 450-ден астам сахналық костюм, арнайы сценография, бірегей реквизит және LED-экрандарға арналған көлемді визуалды контент жасалды.
Астана көрермендері шоудың жаңартылған нұсқасын көреді
19 қыркүйектегі концерт алматылық бағдарламаны қайталамайды. «Барыс Аренада» өнер көрсету үшін команда шоудың шамамен 40%-ын жаңартты.
Бұл ретте мерейтойлық жобаның басты идеясы өзгеріссіз қалады: бір сахнада KESHYOU-дың әр дәуірі, топтың басты әндері және 20 жыл бойы оның тарихының бір бөлшегіне айналған әртістер бас қосады.