Полиция нәрестені қоқысқа тастап кеткен ананы тапты

Жамбыл облысында полиция жаңа туған қызын қоқыс контейнеріне қалдырып кеткен әйелді анықтады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Айта кетейік, 2 қыркүйек таңертең Қордай ауданындағы көшелердің бірінде өтіп бара жатқан адамдар қоқыс жәшігінен нәрестені тауып алғаны белгілі болды.
Әлеуметтік желілерде баланың фотосуреті пайда болды. Табылған сәтте ол тірі болған.
Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады.
Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизонының аумағында болған. Табылғаннан кейін сәби медициналық мекемеге орналастырылды.
Осыдан кейін тура бірнеше сағат ішінде полицейлер жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында анасының жеке басын анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізілді, әйел істеген ісін мойындады.