Қазақстан алғаш рет тазы мен төбет күнін атап өтеді

3 қыркүйекте елімізде алғаш рет қазақ тазысы мен төбет күні атап өтіледі деп хабарлайды Kursiv.Media.
Үкімет 15 сәуірде қаулы шығарып, мерекелік күндердің қатарына қосқан еді. Жаңа датаны Экология министрлігі ұсынған. Бұл мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеу және асыл тұқымды иттерді қорғау мақсатында енгізіліп отыр.
Осыдан екі жыл бұрын Халықаралық кинологтар федерациясы (FCI) қазақы тазыны ресми түрде алдын ала танылған ит тұқымы деп мойындаған еді.
Бүгінде мемлекет пен кинологиялық ұйымдар тазы мен төбет тұқымдарын есепке алып, өсіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Асыл тұқымды иттер жүйесінде шамамен 4 мың тазы тіркелген. Ал төбеттің нақты саны әзірге анықталып жатыр. 2026-2027 жылдары мамандар ел өңірлерін аралап, зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.
Оқи отырыңыз: «Ғашық болдым»: Әнші Лобода қазақтың Тазы итін өзіне ұқсатты