Көшпенділер ойындары: Қазақстан көкпаршылары Ресей құрамасын ойсырата жеңді
Жарияланды

Ыстықкөлде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде сенімді жеңіске жетті. Ұлттық құрама Ресейден келген қарсыластарын 14:1 есебімен тас-талқан етіп ұтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Айта кетейік, көкпардан Қазақстан құрамасы бұл турнирде басты фавориттердің бірі саналады. Ұлттық құрама шабандоздары топтық кезеңде енді Венгрия құрамасымен кездеседі.
Сондай-ақ, бүгін сағат 16:00-де Көк бөрүден Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары кездеседі. Ойынды Qazsport арнасының тікелей эфирінен көруге болады.
Бұған дейін, Kursiv.Media көкпар мен көк бөрүнің айырмашылығын жазған еді.