NASA Марста байланыс желісін құрады

NASA Марста жаңа буын телекоммуникациялық желісін құру үшін Blue Origin компаниясымен келісімшарт жасасты.
Mars Telecommunications Network жүйесі Қызыл ғаламшардағы қазіргі және болашақ миссияларды жоғары жылдамдықты байланыс және навигация қызметтерімен қамтамасыз етеді.
Келісімшарттың ең жоғары құны – шамамен 700 млн доллар. Blue Origin жоғары өнімді телекоммуникациялық аппаратты әзірлеп, ұшырып, оны пайдалануға береді. Аппарат Марс орбитасында орналасып, ғылыми деректерді, суреттерді, навигациялық ақпаратты және ғарыш аппараттарына қажетті басқа да мәліметтерді жеткізеді.
NASA бұл жобаны Жер мен Айдан тыс байланыс инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам деп санайды. Агенттік Марсты зерттеуге бағытталған миссиялар саны артқан сайын деректерді жеткізуге деген қажеттілік те өсетінін атап өтті.
Жаңа желі 2030 жылға қарай Марста жұмысын бастауы жоспарланып отыр. Ол NASA-ның қазіргі және болашақ Марс миссияларын қолдауға арналған.
Мұның алдында NASA Айдың бетінде жүйіткитін жаңа дөңгелектерді сынақтан өткізген еді.