Lexus жаңа NX кроссоверін таныстырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Lexus, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Lexus ұсынған жаңа NX кроссоверінің таныстырылымы өтті. Жаңартылған модель әлемдік нарыққа 2026 жылдың соңында шығарылмақ.

Компания мұны тарихи жетістік ретінде бағалайды. 2014 жылы алғаш шыққаннан бері 90-нан астам елде жалпы сатылым көлемі 1,9 миллион данаға жеткен. NX брендтің жаһандық желісіндегі негізгі модельге айналып отыр.

Басты өзгерістеріне тоқталсақ, кроссовер эликтрификация дәуіріне сай жаңа гибридті жүйемен толықтырылған. Сыртқы және ішкі дизайны жаңартылды.

Жаңа технологиялар енгізіліп, жолаушыларға арналған жарық пен хош иісті жеке баптауға мүмкіндік беретін «Сенсорлы консьерж» қызметі қосылған.

Бас инженер Күнихико Эндоның айтуынша, жаңа NX «Өз артықшылығыңды аш» тұжырымдамасы негізінде әзірленген. Жүргізушілерге әдеттегі жолдан тыс жаңа әсер мен мүмкіндік сыйлайды.

Айта кететін жайт, Lexus ең сенімді автокөліктер тізіміне еніп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз